Ашық бюджеттердің интерактивті картасы

Басты

Новоишим ауылдық округінің әкімі — Букпин Әділжан Мұратұлы

Букпин Әділжан Мұратұлы 1989 жылы 3 наурызда Көкшетау облысы, Куйбышев ауданы, Куйбышев поселкесінде дүниеге келген.

2012 жылы «Көкше» академиясын «Қаржы бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылдың шілде айынан бастап «Элеватор Целинный-2006» ЖШС жұмысшысы болып бастады.

2009 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында «Новосел ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ Жастар практикасы бойынша маманы.

2011 жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Новосел орта мектебінің жұмысшысы.

2011 жылдың қыркүйегінен 2012 жылдың ақпанына дейін Новосел орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

2012 жылдың ақпан айынан 2015 жылдың сәуір айына дейін «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның білім бөлімі» ММ экономисті.

2015 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ Аудан әкімі орынбасарының құрылыс және жедел сұрақтар бойынша бас маманның көмекшісі.

2015 жылдың маусым айынан 2017 жылдың ақпан айына дейін «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ құрылыс және жедел сұрақтар бойынша аудан әкімі орынбасарының көмекшісі – бас маманы.

2017 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін «Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» КММ-нің төтенше жағдайлар, азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс бойынша аудан әкімінің көмекшісі қызметін атқарды.

2019 жылғы 1 тамыздан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишим ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2020 жылдың 4 ақпанынан бастап Новоишим ауылдық округінің әкімі.

«Өзiңнен баста» акциясын iске асыру туралы

Букпин Әділжан Мұратұлы — Новоишим ауылдық округiнiң әкiмi

2021 жылға жылдық табысы: 4 190 263 теңге

Жылжымайтын мүлкi:

  • 2007 жылы шыққан Тойота Камри автокөлігі

Букпин Әділжан Мұратұлы — Новоишим ауылдық округiнiң әкiмi

2020 жылғы тамыздан бастап кіріс: 2 944 208 теңге

Жылжымайтын мүлкi:

  • 2007 жылы шыққан Тойота Камри автокөлігі

Сенім телефоны

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ-де сенiм телефоны жұмыс iстейдi, мемлекеттiк қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн» бұзу фактiлерi бойынша хабарлауы үшiн 8-715-35-21-043 телефонына хабарлауларыңызды сұраймыз, және novoishimsk-gm.sko.kz веб-сайтына.


Правила выпаса скота (ZIP 26 Kb)

Хабарландыру

Халық санағы

Новоишим ауылдық округ әкiмi азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау күндерi

Сәрсенбi: сағат 10.00-13.00 дейiн сағат 14.30-17.00.

Жұма: сағат 10.00-13.00 дейiн сағат 14.30-17.00.

Новоишим ауылдық округ әкiмiнiң орынбасары азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау күндерi

Сейсенбi: сағат 10.00-13.00 дейiн 14.30-17.00 дейiн.

Бейсенбi: сағат 10.00-13.00 дейiн сағат 14.30-17.00 дейiн.

Тұрғындар үшiн мәлiмет

Сiздердiң назарларыңызға, Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның ветеринариялық зертханасы ағымдағы жылдың 23 қаңтардағы «Сынақ және кеден зертханалар құзiреттiлiгiне қойылатын жалпы талаптар» ГОСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарына сәйкес ҚР аккредиттеу жүйесiнде аккредиттелген, сондай-ақ 2-4 топ патогендi қоздырғыштармен жұмыс iстеуге режимдiк комиссияның рұқсаты бар.

Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның ветеринариялық зертханасы жемшөпте, қоспаларда радионуклидтердiң, пестицидтердiң, тамақ өнiмдерiнiң уытты элементтердiң ветеринариялық-санитарлық зерттеу және жануарларда паразиттiк аурулар болуына ақылы қызмет көрсетуге дайын.

Абаттандыру ережелерiн сақтау бойынша жаднама

Ауылдық округi тұрғындарының назарына!

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ хабарлайды, ҚР 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 532 IV «газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 28-бабына 5-тармағына сәйкес, тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзудi тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге мiндеттi газ желiсi ұйымдары және газ толтыру пункттерiнiң иелерi жүзеге асырады.

19 бабының 4 тармағына сәйкес, тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын пайдаланатын коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын газ жүйесi ұйымымен немесе газ толтыру пунктiнiң иесiмен өздерiне тиесiлi газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға мiндеттi.

Жоғарыда айтылғандардың негiзiнде, тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйесiнiң объектiлерiн қауiпсiз пайдалану талаптарын қамтамасыз ету мақсатында, Сiздi, газ жүйесi ұйымымен немесе газ толтыру пунктiнiң иесiмен өздерiне тиесiлi газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға қажеттiлiгi туралы хабардар етемiз.

газ жүйесi ұйымымен немесе газ толтыру пунктiнiң иесiмен өздерiне тиесiлi газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға мiндеттi.

Сонымен бiрге хабарлаймыз, «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 306 бабы 1 бөлiгiне сәйкес аталған Заңының нормаларын сақтамау айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады:

  • жеке тұлғаларға — 7 АЕК көлемiнде;
  • шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 10 АЕК көлемiнде;
  • орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 15 АЕК көлемiнде;
  • iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне — 20 АЕК көлемiнде;

Қосымша ақпаратты, Новоишим а. Ленин к-сi, 2. тел. 22-4-67 мекен жайы бойынша «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» КММ алуыңызға болады.



Террористiк актiлердi болдырмау жөнiндегi халыққа арналған жадынама

Ауылдық округтер әкімдерінің өкілеттіліктерін кеңейту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы

coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kz